Томирис алға кетті

17 jeltoqsan
1122

Екінші турдың шешуші жекпе-жегінде «Томирис» хоккейшілері «Айсұлудағы» қарсыластарынан басым түсті.

Елордалық қыздар кездесудің төртінші минутында Александр Голотвина салған дөп соққының арқасында алға кетті. Ұзақ уақыт бойы таблодағы сандар өзгеріссіз болды. Тек үшінші кезеңнің ортасына қарай Нина Баранова «Томирис» командасының басымдығын нығайтты. Осы шайба матчтың да нүктесін қойды. Ойынның шартты иелерінің қақпашысы Арина Щёколова қақпаға бағытталған 25 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Томирис» - «Айсұлу» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

Екі турдың қорытындысы бойынша чемпионатта «Томирис» көш бастап келеді. Александр Тебеньковтың шәкірттерінің есебінде 14 кездесу бойыншы 13 жеңіс пен 26 ұпай бар. 11 рет жеңіске жеткен қазіргі чемпион «Айсұлу» төрт ұпай артта келеді. Үздіктер үштігін «Торпедо» өкілдері тұйықтайды (12 балл).

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.