ҚХФ республикалық жарыстарды өткізу департаменті 2026-27 жылғы маусымдағы Қазақстан қыздар чемпионатының күнтізбесін ұсынады.
Алдағы чемпионатта Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін алты команда – «Томирис», «Айсұлу», «Торпедо», «Грация», «Жұлдыз» және «Алматы» сынға түседі. Өткен маусымдағыдай командалар жекелеген турлар форматында емес, Pro және Jastar Ligasy чемпионаттарындағыдай көшпелі жүйе бойынша ойнайды.
Чемпионат екі кезеңнен тұрады: әрбір қатысушы 20 матчтан өткізетін тұрақты кезең және финалдық кезең.
Бірінші кезең 24 қазанда басталады. Бұл күні оңтүстік астанада өткен маусымның финалистері «Айсұлу» мен «Томирис» кездеседі. Тұрақты кезеңнің соңғы ойын күні – 9 сәуір.
13 сәуірде финалдық кезең басталып, оның қорытындысы бойынша командалардың орындары анықталады. Үздік төрттік алдымен жартылай финалда, одан кейін тиісінше үшінші орын үшін серияда және финалда ойнайды. Плей-офф кезеңіндегі барлық сериялар командалардың бірінің екі жеңісіне дейін жалғасады.
Жақын арада барлық ойындар біздің ресурстың тиісті бөлімінде қолжетімді болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.