Томирис пен Айсұлу турнир кестесінің көшін бастады

30 qazan
1192

Өскеменде Parimatch-Qyz Hokei Ligasy Қазақстан қыздар чемпионатының бастапқы туры аяқталды.

«Томирис» турнирді «Торпедоға» қарсы ойындағы сенімді жеңіспен аяқтады. Бірінші кезеңде-ақ елордалық ұжым қарсыласқа төрт шайба салып, ойын барысын байқатты. Анна Жуланова хет-трик жасады, Ольга Широкова мен Нина Баранова екі реттен көзге түсті. Өскемендік команда құрамынан дубль Карина Фельзиктің есебінде.

«Томирис» - «Торпедо» 10:2 (4:0, 3:1, 3:1)

Алтыннан үмітті екінші фаворит «Айсұлу» да турдың қорытынды ойынында осалдық танытпады. Алматылық ұжым «Жұлдыз» командасын ойсырата жеңді, бұл ретте ойынның шартты иелерінің ойыншылары өздерінің жеке статистикаларын айтарлықтай жақсартты. Өз қоржынына төрт дөп соққыдан Мадина Тұрсынова мен Татьяна Королёва жазды.

«Жұлдыз» - «Айсұлу» 0:15 (0:6, 0:4, 0:5)

Осылайша, Қазақстан қыздар чемпионатының бірінші турының қорытындысы бойынша екі үздік оқ бойы озып шықты. «Томирис» пен «Айсұлу» алты жеңістен қоржынға салып, әрқайсысы 12 балдың иегері атанды. Салынған және өткізілген шайбалардың үздік айырмасы бойынша бірінші қатарда қазіргі таңда елордалық ұжым тұр.

Үш жеңіс пен алты ұпай өскемендік «Торпедо» қоржынында. «Жұлдыз» командасы бір жекпе-жекте жеңіп, екі балл жинады. Ұлттық біріншіліктердің дебютанты «Юность-Грация» әзірге жеңіс дәмін татып көрмеді, алайда чемпионаттың ең жас ұжымы мұндай деңгейде әзірге тәжірибе жинақтауда.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.