Томирис пен Торпедоның жеңістері

28 qazan
1421

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының бастапқы туры жалғасуда.

Қарсыластардың екінші тартысында «Томирис» «Айсұлудан» басым түсті. Елордалық хоккейшілер екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, үстемдіктерін финалдық ысқырыққа дейін сақтап қала алды. Жеңіс шайбасының авторы – Дария Молдабай. Алматылықтар құрамынан Роксан Риу көзге түсті. Осы матчтан кейін ұжымдардың жинаған балдары теңесті.

«Айсұлу» - «Томирис» 3:5 (2:1, 0:2, 1:2)

«Торпедо» - «Жұлдыз» матчында көрермен 13 голды тамашалады. Бүгін бастапқы турдың өскемендік алаң иелері дәлірек көздеді. Өз қоржынына бес дөп соққыны Карина Фельзинк салды, покер Дильназ Саяхатқызына тиесілі.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 11:2 (3:1, 3:1, 5:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.