Өскеменде Қазақстан қыздар чемпионатының кезекті ойын күні аяқталды.
«Томирис» командасы «Юность-Грация» командасын ойсырата жеңді. Қарағандылық ұжымның қақпасына жауапсыз 27 шайба аттанды. Тоғыз шайбаны өз есебіне Ольга Широкова жазды, қарсыласты үш реттен Екатерина Куценко мен Надежда Филимонова састырды.
«Томирис» - «Юность-Грация» 27:0 (9:0, 9:0, 9:0)
Қазіргі ел чемпиондары – «Айсұлу» ұжымы да кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бүгін алматылықтар турдың иелері «Торпедоны» жеңді. Хет-трик Роксан Риуға тиесілі, екі дөп соққыдан Алисия Вильямс пен Лариса Свиридова салды.
«Айсұлу» - «Торпедо» 9:0 (7:0, 2:0, 0:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.