Фавориттер чемпионатты жеңістен бастады

22 qazan
1324

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының алғашқы ойын күні өтті.

Елдің қазіргі чемпиондары – «Айсұлу» ұлттық біріншілікке алғаш қатысып отырған қарағандылық «Юность-Грация» командасын аямады. Алисия Вильямс пен Лариса Свиридова қарсыласқа жеті реттен шайба салды.

«Айсұлу» - «Юность» 34:0 (13:0, 14:0, 7:0)

Чемпионаттың күміс жүлдегері «Томирис» те жаңа маусымды сенімді жеңіспен бастады. Елордалық хоккейші қыздар «Жұлдыз» ұжымын тырп еткізбеді. Төрт рет Александра Голотвина дөп соққы салды, ал Ольга Широкова хет-трик жасады.

«Томирис» - «Жұлдыз» 16:0 (3:0, 10:0, 3:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.