Қазақстан қыздар чемпионатының қорытындысы және үздік ойыншылары

28 sáýir
1541

Алматыда 2021/2022 маусымының хоккейден Қазақстан қыздар чемпионаты аяқталды.

Qyzdar Ligasy чемпионатының алтын медальдарын турнир жолын жеңіліссіз өткен «Айсұлу» хоккейшілері жеңіп алды. Алматылық ұжым барлық қатысушылар арасынан ең нәтижелі (143 гол) болып, шайбаны ең аз өткізген (5) команда атанды.

Чемпионатты екінші орынмен «Томирис» өкілдері аяқтады. Елордалық ұжым үш рет жеңіліске ұшырап, Лигада нәтижелілік бойынша екінші атанды. Жүлдегерлер үштігін «Торпедо» ойыншылары тұйықтады.

Чемпионаттың үздік ойыншылары

Қақпашы – Арина Щёколова («Айсұлу»)

Чемпионаттың 12 жеңіске жеткен матчтарына қатысты, олардың 8-інде құрғақ жеңіске жетті. Щёколованың пассивінде өткізілген 4 шайба ғана бар және соққылардың 97,1%-ына тойтарыс берілген.

Қорғаушы – Аида Олжабаева («Айсұлу»)

Өз командасының чемпионаттағы барлық ойындарына қатысты. Олардың қорытындысы бойынша Олжабаева өз қоржынына нәтижелілік үшін 9 (1+8) балл жазды.

Шабуылшы – Брианна Бэрндсэн («Айсұлу»)

52 (18+34) балл жинап, чемпионаттың үздік бомбардирі және ассистенті болды. Брианна 12 матчтың 11-інде ұпай жинағанын атап өту керек.

Жас ойыншы – Алина Животовская («Жұлдыз»)

2007 жылы туылған спортшы мұндай деңгейдегі өзінің алғашқы чемпионатын өткізді және ұйымдастырушылар тарапынан ең прогрессивті ойыншылардың бірі ретінде бағаланды.