Алматыда 2025/26 жылғы маусымдағы қыздар арасындағы Қазақстан хоккей чемпионаты аяқталды.
Финалдық кездесуде соңғы жылдардағы Qyzdar Ligasy көшбасшылары – «Айсұлу» мен «Томирис» кездесті. Бірінші үзіліске 11 секунд қалғанда есепті астаналық хоккейшілер ашты – Екатерина Прозорова өз есебіне тағы бір шайба жазды. Елдің қазіргі чемпиондары «Айсұлу» бұған Лариса Свиридова мен Елизавета Дюндинаның дәл соққыларымен жауап қатты. Одан кейін Томирис қатарынан екі шайба соқты – нәтижелі шабуылдардың алдыңғы шебінде тағы да Екатерина Прозорова мен басымдықты ұтымды пайдаланған Нина Баранова болды.
Алайда соңғы минуттарда басымдыққа ие болған оңтүстік астана ұжымы ерлікпен таразы басын теңестірді. Майя Нойджент құрамалар теңескен сәтте қақпа алдындағы қайтарылған шайбаны сәтті пайдаланып, гол соқты. Бұл кезде негізгі уақыттың аяқталуына небәрі 9 секунд қалған еді.
Овертаймның басым бөлігі алаң иелерінің үстемдігімен өтті, алайда олар бірнеше рет жүзпайыздық мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал «Томирис» хоккейшілері аз ғана мүмкіндіктерінің бірін тиімді пайдаланып, Азалия Авзалова матч пен маусымның нүктесін қойды.
«Томирис» өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал «Айсұлу» Qyzdar Ligasy-ның күміс жүлдесін иеленді.
«Айсұлу» - «Томирис» 3:4 ОТ (0:1, 2:2, 1:0, 0:1)
0:1 - 19:49 - Прозорова (Баранова, Субботина)
1:1 - 26:37 - Свиридова (Риу, Шу)
2:1 - 30:05 - Дюндина (Иванченко)
2:2 - 37:21 - Прозорова (Баранова, Сафина)
2:3 - 39:31 - Баранова (Сафина) ГБ
3:3 - 59:51 - Нойджент (Дюндина, Тұрсынова)
3:4 - 76:59 - Авзалова (Сафина)
Қақпашылар: Сафонова - Щёколова
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Aisulu
Tomiris
Torpedo
Aisulu Tandauly
Gratsiia