Чемпионаттың финалдық кезеңі Алматыда өтеді

24 sáýir
166

2025/26 жылғы Qyzdar Ligasy маусымында медаль үшін күресті жалғастыратын төрт команда анықталды.

Еске салсақ, тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды «Айсұлу» иеленді. Команда 20 кездесудің 19-ында жеңіске жетіп (38 ұпай), лигадағы ең нәтижелі ұжым атанды (257 шайба соқты).

Үздік төрттікке сондай-ақ «Томирис» (34 ұпай), «Торпедо» (24) және «Айсұлу Таңдаулы» (16) командалары енді.

Тұрақты маусым нәтижесіне сәйкес жартылай финалдық жұптар төмендегідей болды: «Айсұлу» – «Айсұлу Таңдаулы», «Томирис» – «Торпедо». Бұл жұптардың жеңімпаздары финалда кездесіп, чемпиондықты сарапқа салады, ал жеңілген командалар үшінші орын үшін ойнайды.

Қазақстан қыздар хоккей чемпионатының шешуші матчтары 25 және 27 сәуір күндері Алматыда өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.