Торпедо тұрақты чемпионат бағдарламасын Айсулу Тандаулыны жеңумен қорытындылады

28 aqpan
188

«Айсұлу Таңдаулы» мен «Торпедо» арасындағы қарымта кездесудің негізгі оқиғалары соңғы кезеңде өрбіді. Командалар жанкүйерлерді төрт нәтижелі шабуылмен қуантты.

Қонақтарға жеңіс әкелген — Мунира Саяхатқызының дублі және 3 (1+2) ұпай жинаған Дильназ Саяхатқызының нәтижелі ойыны. Вероника Агеева қақпаға бағытталған 18 соққыны қайтарды.

Осылайша, өскемендік қыздар тұрақты чемпионатты 12 жеңіс және 24 ұпаймен аяқтады. Бұл нәтиже «Торпедоға» плей-офф қарсаңында үшінші орынды қамтамасыз етті.

«Айсұлу Таңдаулы» - «Торпедо» 1:4 (0:1, 0:0, 1:3)

0:1 - 16:12 - Мелехина (Кожина)

0:2 - 43:09 - Саяхатқызы М. (Саяхатқызы Д.)

0:3 - 46:18 - Саяхатқызы Д. (Саяхатқызы М.)

0:4 - 47:35 - Саяхатқызы М. (Саяхатқызы Д., Мескини)

1:4 - 56:58 - Мадиярқызы (Муравьева)

Қақпашылар: Павловская - Агеева


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.