Айсұлу Таңдаулы қыздары маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті, Айсұлу Томиристі үздіктер тартысында жеңіп кетті

16 jeltoqsan
169

ҚР Тәуелсіздігі күні елдегі қыздар чемпионатында екі кездесу өтті.

Қарағандыда биылғы маусымда әлі жеңістің дәмін татпаған командалар кездесті. Тартысты өткен ойында «Айсұлу Таңдаулы» командасының қыздары басым түсіп, өздерінің алты матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. Қонақтар сапынан Мадианна Нүсіпова хет-трик авторы атанды, ал София Раковская мен Василиса Шуклина командаластарына төрт реттен нәтижелі пас берді. Алматы құрамасының қақпашысы Арина Павловская 50 сейв жасады. Алаң иелері қатарында Алина Жакулина мен Виолетта Тимон өз еншілеріне екі голдан жазды.

«Грация» - «Айсұлу Таңдаулы» 4:5 (1:2, 2:1, 1:2)

0:1 - 14:49 - Муравьева (Раковская, Шуклина)

1:1 - 15:29 - Жакулина (Лившиц)

1:2 - 18:58 - Нүсіпова (Шуклина, Раковская) ГБ

1:3 - 25:22 - Шуклина (Раковская)

2:3 - 27:48 - Жакулина (Лившиц, Тимон)

3:3 - 33:46 - Тимон (Лившиц) ГБ

4:3 - 47:28 - Тимон (Лившиц, Жакулина) ГБ

4:4 - 49:53 - Нүсіпова (Раковская, Шуклина)

4:5 - 53:23 - Нүсіпова (Шуклина)

Қақпашылар: Ушакова - Павловская

Ағымдағы маусымдағы чемпиондыққа басты үміткерлер арасындағы алғашқы кездесуде шешуші соңғы кезең болды. Осы уақытта «Томирис» хоккейшілері жауапсыз төрт шайба өткізіп алды. «Айсұлудың» табысына көшбасшылардың тамаша ойыны әсер етті: Майя Нойджент (2+3) пен Брианна Троттэр (0+5) қонақтар сапындағы бес нәтижелі шабуылға қатысты. Александра Сафонова қақпаға бағытталған 27 соққыны қайтарды.

«Томирис» - «Айсұлу» 3:7 (2:2, 1:1, 0:4)

1:0 - 06:47 - Филимонова (Молдабай, Буторина) ГБ

1:1 - 08:12 - Нойджент (Биркби, Троттэр)

2:1 - 13:06 - Оразбаева (Буторина, Молдабай) ГБ

2:2 - 15:30 - Алдабергенова (Ашимова, Дюндина)

3:2 - 23:33 - Хохлова (Субботина, Воронова)

3:3 - 24:45 - Пяткова

3:4 - 47:14 - Фэирман (Троттэр, Нойджент) ГБ

3:5 - 47:56 - Тұрсынова (Нойджент, Троттэр)

3:6 - 50:16 - Нойджент (Троттэр)

3:7 - 59:45 - Ашимова (Троттэр, Нойджент)

Қақпашылар: Щёколова - Сафонова


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.