Торпедо Айсұлу Таңдаулының арынын басты

11 qarasha
147

Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының кезекті матчы өтті.

«Торпедо» мен «Айсұлу Таңдаулының» екінші кездесуінің соңғы кезеңінің басында өскемендік қыздар тағы да жеңіске оңай жететіндей көрінді. Алайда оңтүстік астанадан келген команда қарымта шабуылға шығып, сенсация жасай жаздады. Ақырында екі ұжымды бір дәл соққы ғана ажыратты, оның авторы – Дильназ Саяхатқызы. Қонақтар сапынан София Муравьева хет-трик жасап, Мадианна Нусупованың еншісінде екі гол болды.

«Торпедо» - «Айсұлу Таңдаулы» 6:5 (0:0, 5:2, 1:3)

1:0 - 23:16 - Мелехина (Саяхатқызы Д.) ГБ

2:0 - 27:18 – Саяхатқызы М. ГБ

2:1 - 28:39 - Нусупова (Раковская)

3:1 - 28:56 - Мокина

3:2 - 29:41 - Муравьева (Новикова) ГБ

4:2 - 31:00 - Крухольская (Мокина)

5:2 - 35:55 - Зубкова

5:3 - 41:31 - Муравьева

6:3 - 44:27 – Саяхатқызы Д. (Саяхатқызы М.)

6:4 - 45:34 - Муравьева

6:5 - 47:29 - Нусупова (Халикова, Раковская)

Қақпашылар: Агеева (Говтва, 47:29-60:00) - Павловская


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.