Торпедо маусымдағы алғашқы жеңіске қол жеткізді

7 qazan
401

Еліміздегі қыздар чемпионатындағы өз өнерін «Грация» командасы бастады.

Қарағандылық қыздар бүгін екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, Милана Пуртова дубль авторы атанды. Алайда бұл Өскеменнен келген қарсыластарды жеңу үшін жеткіліксіз болды. Қонақтар шешуші үшінші кезеңде қарқын алып, командалық қоржындарына алғашқы екі ұпайын салды. Кездесудің басты қаһарманы — хет-трик жасап, екі пас берген София Зубкова. Ал «Торпедоның» бес голдық шабуылына Мунира Саяхатқызы да (1+4) белсенді қатысты.

«Грация» - «Торпедо» 2:8 (1:2, 1:2, 0:4)

0:1 - 01:27 - Яковлева (Мелехина)

0:2 - 13:31 - Зубкова (Саяхаткызы М,)

1:2 - 19:18 - Пуртова (Жакулина, Барышникова)

1:3 - 22:27 - Кожина (Зубкова, Мелехина) ГБ

2:3 - 34:56 - Пуртова ГБ

2:4 - 37:18 – Мелехина

2:5 - 40:38 - Зубкова (Саяхатқызы М.) ГБ

2:6 - 43:57 - Зубкова (Саяхатқызы М.)

2:7 - 44:45 - Кожина (Саяхатқызы М.)

2:8 - 55:34 – Саяхатқызы М. (Саяхатқызы Д., Зубкова)

Қақпашылар: Ушакова - Агеева (Яковлева, 48:49-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.