ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу департаменті 2025-26 жылғы маусымдағы Қазақстан қыздар чемпионатының күнтізбесін ұсынды.
Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының медальдары үшін алты ұжым тартысады: «Айсұлу», «Томирис», «Торпедо», «Айсұлу-Таңдаулы», «Грация» және «Жұлдыз». Жарыстарды өткізу құрылымы елеулі өзгеріске ұшырады – енді командалар жекелеген турлармен емес, Pro және Jastar Ligasy чемпионаттарына ұқсас сапарлармен өтеді.
Чемпионат екі кезеңнен: әр қатысушы 20 матч өткізетін тұрақты бөліктен және финалдық кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңнің басталуы 24 қыркүйекке жоспарланған. Сол күні Өскеменде «Торпедо» мен «Томирис» кездеседі. Тұрақты кезеңнің соңғы күні – 23 сәуір.
Финалдық кезең 27 сәуірден басталып, одан кейін орындар анықталады. Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бесінші және алтыншы орын алған командалар Play-Out матчында кездеседі. Ал үздік төрттік алдымен жартылай финалда ойнап, кейін үшінші орын үшін матчта және финалда бақ сынайды.
Күнтізбені келесі сілтемеден табуға болады. Жақын арада барлық ойындар біздің ресурсымыздың тиісті бөлімінде қолжетімді болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.