Оңтүстік астанада А тобындағы Қазақстан қыздар чемпионатының төртінші туры аяқталуға таяды.
Қос қарсылас «Айсұлу» мен «Томиристің» текетіресінде тағы да алматылық қыздар басым түсіп, буллиттер сериясында жеңіске жетті. «Айсұлуға» Малика Алдабергенованың кем құрамдағы дөп соққысы, Кэйсиди Мэйплторп пен Роксан Риудың шешуші соққысы жеңіс сыйлады. «Томирис» қақпашысы Арина Щёколова 43 сейв жасады, алайда бұл командасына бір ғана балл иемденуге мүмкіндік берді.
Осылайша, Александр Мальцевтің ойыншылары биылғы маусым бағдарламасын аяқтап, кезекті рет чемпиондықты иемденді. «Айсұлудың» есебінде 16 матчтағы 13 жеңіс пен 27 ұпай бар.
«Томирис» - «Айсұлу» 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)
0:1 - 24:12 - Алдабергенова (Турсынова) ГМ
1:1 - 25:41 - Баранова
2:1 - 41:12 - Кожина (Баранова, Ивина)
2:2 - 45:30 - Мэйплторп (Эрхард)
2:3 - 65:00 - Риу ПБ
Қақпашылар: Щёколова - Сафонова
Фото – Евгений Галенковский
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.