Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші турын қорытындылайық.
А тобында бірінші орында «Айсұлу» тұр. Алматылық қыздардың есебінде 19 балл бар және олар өз үштіктерінен ең нәтижелі ұжым (63 шайба салынды) саналады.
«Томиристің» есебінде 16 ұпай мен алда ойнайтын бір матч бар. Үшінші орынға «Торпедо» орналасты.
А тобындағы үздік бомбардир – «Айсұлу» өкілі Кэссиди Мэйлторп. Оның есебінде 22 гол мен 9 пас бар.
В тобында әзірге «Айсұлу Таңдаулыға» жетер ешкім жоқ. Оңтүстікастаналық команда 36 балдың 32-сін жинап, қарсыласты 122 рет састырды.
«Грация» 24, «Жұлдыз» 16 ұпай жинады.
Бұл үштіктегі ең нәтижелі ойыншы – «Айсұлу Таңдаулыдағы» София Раковская (52 балл, 31+21).
Фото – Евгений Галенковский
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.