Виктория Сазонова: «Бұл біздің қыздар хоккейі үшін ең ерекше маусым болғалы тұр»

5 qazan
121

ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу департаментінің қыздар хоккейі бойынша маманы әрі Қазақстан Республикасының ұлттық қыздар құрама командаларының бас менеджері Виктория Сазонова Qyzdar Ligasy-ндағы өзгерістер мен қызу өткелі тұрған халықаралық маусым туралы мәлімет берді.

ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу департаментінің қыздар хоккейі бойынша маманы әрі Қазақстан Республикасының ұлттық қыздар құрама командаларының бас менеджері Виктория Сазонова Qyzdar Ligasy-ндағы өзгерістер мен қызу өткелі тұрған халықаралық маусым туралы мәлімет берді.

- Бұл біздің қыздар хоккейі мен ұлттық қыздар құрамалары үшін ең ерекше маусым болғалы тұр. Қазақстан чемпионатында болатын өзгерістер бірінші кезекте халықаралық күнтізбенің тығыздығымен байланысты. Біздің қыздар Азия чемпионатында, Олимпиада ойындарына біліктілік іріктеуінде, Универсиадада, Азия ойындарында, 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатында және ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан чемпионатын өткізу құрылымын өзгерту туралы шешім қабылданды.

- Өзгерістер туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Біз чемпионатты қарқынды етуге тырыстық. Командалар енді екі топқа бөлінген. «А» тобында ең мықты командалар – «Айсұлу», «Томирис» және «Торпедо» ойнайды. «Б» тобында «Жұлдыз», «Юность-Грация», «Бұлбұл» жинақталды, сонымен қатар жас команда – «Айсұлу таңдаулы» өтінім берді. Әрбір топта төрт тур өтеді, олардың әрқайсысы екі айналымнан тұрады. Мұндай бөлініс тәжірибелі командалар арасында да, жас төрттіктің арасында да бәсекені күшейтуге көмектеседі. «Б» тобының жеңімпазы келесі маусымда «А» тобына қатысушылар қатарына қосылады.

- Мұндай құрылымды енгізудің тағы да қандай артықшылықтарын байқайсыз?

- Форматты өзгерту қабылдаушы қалалар мен ареналар географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Себебі бір сарайда алты-жеті ұжымның қатысуымен турнир өткізгенше үш немесе төрт команданы қабылдау оңайырақ. Бұл ретте біз қос топ та бір қалада ойнауы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бірінші және екінші турлардың өту күндері мен орындары бойынша мәлімет бар. Үшінші және төртінші тур бойынша қалаларды сәл кейінірек анықтаймыз.

Сөз соңында өз атымнан барлық спортшыларға сәттілік тілегім келеді. Барлығы өздерін көрсетуге мүмкіндік алады. Ұлттық құраманың құрамына кіретін біздің үздіктер мықты командалармен тартыстарда өз деңгейлерін көтеріп, халықаралық алаңдарға жақсылап дайындалулары тиіс. Сондай-ақ жастардың арасынан жаңа есімдер күтеміз. Бұл ретте мен алдағы маусым тек спортшылар үшін емес, сондай-ақ бапкерлер мен ұйымдастырушылар үшін де жаңа деңгей болмақ. Біздің ұзақ ойланып-толғануға уақытымыз жоқ, тіпті, жұмысқа кірісіп, ұдайы жинақы болуымыз керек.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.