Қазақстан қыздар чемпионатының қорытындысы

2 sáýir
962

Алматыда 1xBet Qyzdar Hokei Ligasy маусымы аяқталды.

«Айсұлу» қайтадан Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық ұжым 20 матчтың 19-ында жеңіске жетіп, 39 ұпай жинады. Бұшл ретте Александр Мальцевтің ойыншылары 280 шайба салып, маусымда ең нәтижелі ойын көрсетті.

Екінші орынды 17 матчты жеңген (35 балл) «Томирис» иеленді. Елордалық қыздар қорғаныстағы ойыннан ең сенімді команда атанды – небәрі 15 шайба өткізіп алды.

Жүлдегерлер үштігін өскемендік қыздар тұйықтады. «Торпедо» 12 ойында жеңіп, 24 балл иемденді.

Чемпионаттың үздік сұрмергені және бомбардирі Ольга Широкова болды, ол осы маусымда «Айсұлу» сапында бақ сынады. Оның активінде 56 гол және 45 пас бар. Ольга – 100 ұпайдан асырған жалғыз лига ойыншысы.

Чемпионаттың үздік ассистенті «Айсұлудың» тағы бір өкілі Елизавета Дюндина болды, ол өз есебіне 54 нәтижелі пас жазды.

Қорғаушылар арасынан үздік көрсеткіштер «айсұлулық» Аида Олжабаеваға тиесілі (10+26). «Томиристен» Нина Баранова бір ұпайға аз жинады (9+26).

Арина Щёколова мен Александра Сафонова қақпашылар цехы маусымының көшбасшылары болды. «Томирис» ойыншысы бір ойында орташа есеппен 0,9 шайбаны өткізді, соққылардың 95%-ы тойтарылды. «Айсұлу» өкілі соққылардың 94,6%-ына тойтарыс беріп, сенімділік коэффициенті 1 болды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.