Торпедо Жұлдызды ойсырата жеңді, Юность Томиристің қақпасын ала алмады, Айсұлу маусымдағы нәтижелілік рекордын орнатты

19 naýryz
977

Оңтүстік астанада хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының қорытынды туры басталды.

Турнирдің бастапқы матчында «Торпедо» «Жұлдызды» ойсырата жеңді. Бірінші кезеңде-ақ алматылық ұжымның қақпасына бес шайба аттанды. Әрі қарай есеп алшақтығы өсе берді. Алты голдың авторы Карина Фельзинк, Мунира Саяхатқызының есебінде нәтижелілік үшін 9 (3+6) балл бар.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 17:2 (5:0, 5:0, 7:2)

«Юность» «Томиристің» қақпасын ала алмады. Елордалық ұжым 13 нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, турды сенімді жеңістен бастады. Александра Шегай (4+2) өз командасының алты голына қатысты, Лия Ивина хет-трик жасады.

«Томирис» - «Юность-Грация» 13:0 (7:0, 1:0, 5:0)

«Айсұлу» «Бұлбұлдың» қақпасына 35 жауапсыз шайба салды. Бұл – биылғы чемпионаттағы ең ірі есеп. Елизавета Дюндина (8+10) мен Ольга Широкова (8+6) теңдессіз нәтиже көрсетті.

«Айсұлу» - «Бұлбұл» 35:0 (14:0, 7:0, 14:0)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.