Торпедо мен Айсұлудың ірі жеңістері

24 aqpan
444

Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатында екі матч өтті.

«Торпедо» мен «Жұлдыздың» текетіресінде жеңіс өскемендік ұжымға бұйырды. Бұл ретте ойынның шартты қонақтары үшінші кезеңді жеңді, алайда бірінші және екінші кезеңдерде жіберіп алған олқылықтардың орнын толтыру үшін бұл жеткіліксіз болды. Анастасия Дубровская үш шайба салды, үш рет командаластарына пас берді.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 8:2 (3:0, 4:0, 1:2)

«Айсұлу» кезекті ірі жеңіске қол жеткізді. «Юность» қақпасына 29 жауапсыз шайба аттанды. Қарсыласты тоғыз рет Алисия Вильямс састырды. Кендра Брод нәтижелілік үшін өз есебіне 10 (4+6) балл жазды.

«Айсұлу» - «Юность-Грация» 29:0 (14:0, 8:0, 7:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.