Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының кезекті кездесуі өтті.
Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Томирис» «Жұлдыз» командасын тырп еткізбеді. Алматылықтардың қақпасына жауапсыз 20 гол аттанды. Бес салынған шайбаның авторы – Лия Ивина. Дария Молдабай қарсыласты үш рет састырды. Ольга Широкова өз командасының 11 (2+11) нәтижелі шабуылына қатысты.
«Томирис» - «Жұлдыз» 20:0 (7:0, 9:0, 4:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.