Көшбасшылар осалдық танытпады

22 aqpan
1506

Қазақстан қыздар чемпионаты екі кездесумен жалғасады.

«Айсұлу» мен «Торпедо» кездесуінің бастапқы кезеңі өскемендік команданың есебіне жазылды. Алайда әрі қарай фавориттер өз сәттерін ұтымды пайдаланып, сенсацияға жол бермеді. Алисия Вильямс покер жасады, қарсыласты екі рет Лариса Свиридова састырды. Алматылық ұжым Лигада алғаш болып чемпионатта 200-ден асыра шайба салды.

«Айсұлу» - «Торпедо» 8:2 (0:1, 4:1, 4:0)

Ойын күнінің екінші кездесуінде «Томирис» пен «Юность» жолықты. Қарағандылықтардың тәжірибелі қарсыластарына тойтарыс бере алмауы ешкімді таңғалдырған жоқ. Елордалық қыздар кезекті ірі жеңісіне қол жеткізіп, ұпай қорларын толтырды. Ольга Широкова алты шайбаның авторы атанды, Анастасия Оразбаева өз есебіне төрт гол жазды.

«Томирис» - «Юность-Грация» 24:0 (13:0, 5:0, 6:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.