Томирис жеңіс сериясын жалғастыруда, Айсұлу Жұлдызды ойсырата жеңді

21 aqpan
1286

Алматыда Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy үшінші турының алғашқы ойын күні өтуде.

Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Томирис» «Торпедо» командасындағы қарсыластарына қарсы ойында сенімді түрде құрғақ жеңіске жетті. Бірінші кезеңде-ақ елордалық қыздар төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды және бұл серпіліс ойынның тағдырын шешті. Дария Молдабай дубль жасады.

«Томирис» - «Торпедо» 8:0 (4:0, 2:0, 2:0)

Ойын күнінің екінші матчы голдар шеруіне айналды. Қазақстанның қазіргі чемпиондары – «Айсұлу» ұжымы «Жұлдыз» командасындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Бес голдың авторы – Роксан Риу. Покер Лариса Свиридованың есебінде.

«Айсұлу» - «Жұлдыз» 23:0 (4:0, 8:0, 11:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.