Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші туры Алматыда өтеді

16 aqpan
760

Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy-ның үшінші турының өту күндері мен орны белгілі болды.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан қыздар чемпионатының марапаты үшін турнир дебютанты қарағандылық «Юность», өскемендік «Торпедо», елордалық «Томирис», сондай-ақ алматылық «Жұлдыз» бен «Айсұлу» таласады. Кезекті тур кездесулері 21 ақпан мен 1 наурыз аралығында оңтүстік астанадағы «Халық Аренада» өтеді. Екі турдың қорытындысы бойынша «Томирис» ұжымы көш бастап келеді.

Матчтардың кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде танысуға болады. Турнир кестесі мында.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.