Томирис қарсыластарын шаң қаптырды

13 jeltoqsan
1195

Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының екінші турының алдын ала кезеңі аяқталды.

«Торпедо» мен «Жұлдыз» командасының текетіресінде Өскемен өкілдері басым түсті. Ойынның шартты иелері үшін екінші кезең айрықша нәтижелі болды. Ал оңтүстікастаналық қыздар қарсыластың қақпасын аша алмады. Хет-триктің авторы – Дильназ Саяхатқызы.

«Торпедо» - «Жұлдыз» 9:0 (2:0, 4:0, 3:0)

Алтын медаль үшін жорықтағы басты фавориттер тартысында «Томирис» хоккейшілері дәлірек көздеді. Елордалық ұжым турнирлік және психологиялық тұрғыдан аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Екі дөп соққы Анастасия Оразбаеваның қоржынында.

«Айсұлу» - «Томирис» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)

Енді «Томирис», «Айсұлу», «Торпедо» және «Жұлдыз» өз ойындарын Алматыда жалғастырады. «Юность-Грация» ұпай жинамастан екінші турды мерзімінен бұрын аяқтады.

Қосымша раундтың кестесі жақын уақытта сайтымыздың тиісті бөлімінде жарияланады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.