Жексенбі күні хоккейден Қазақстан қыздар чемпионаты аясында екі матч өтті.
«Томирис» ұжымы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бүгін елордалық қыздар «Торпедодан» басым түсті. Жеңіс шайбасының авторы – артық құраммен гол салған Пернеш Әшімова.
«Томирис» - «Торпедо» 5:1 (2:0, 2:1, 1:0)
«Жұлдыз» ұжымы екінші турдың аясында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алматылық спортшылар «Юность» командасын еш қиналмастан жеңіп кетті. Қарағандылықтарға қарсы София Раковская, Шолпан Тоққожа және Анастасия Филимонова екі реттен гол салды.
«Жұлдыз» - «Юность» 8:0 (5:0, 2:0, 1:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.