Айсұлу мен Томирис көпшілік күткендей жеңіске жетті

9 jeltoqsan
925

Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy-ның екінші турының алғашқы күнінде екі кездесу өтті.

«Айсұлу» командасындағы қазіргі ел чемпиондары «Юность» командасымен матчтың қорытындысы бойынша өз статистикасын біршама жақсартып алды. Қарағандылық турнир дебютанттары тәжірибелі алматылықтардың қақпасын ала алмай қойды. Он шайбаны өз есебіне Татьяна Королёва, жеті дөп соққыны Роксан Риу жазды.

«Айсұлу» - «Юность» 33:0 (18:0, 5:0, 10:0)

Чемпионаттың қазіргі көшбасшысы «Томирис» те «Жұлдызды» тырп еткізбеді. Елордалық хоккейшілер бірінші кезеңді екпіндетіп бастап, әрі қарай да ойынның шартты иелерінің үстемдігі арта берді. Бес шайбаны Ольга Широкова салды, Надежда Филимонова мен Лия Ивина үш шайбадан салды.

«Томирис» - «Жұлдыз» 20:0 (11:0, 5:0, 4:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.