Торпедоның алғашқы жетістігі, Айсұлу Жұлдызды ойсыратты

23 qazan
859

Өскеменде Parimatch-Qyz Hokei Ligasy-ның алғашқы туры жалғасуда.

Турнирдегі өзінің алғашқы матчын тур иелері – «Торпедо» өткізді. Өскемендік ұжым ұлттық біріншіліктің қарағандылық дебютанттарын тырп еткізбеді. «Юность-Грация» қақпасына жауапсыз 21 шайба аттанды. Полина Яковлева мен София Зубкова хет-трик жасады. Дильназ Саяхатқызы он голдың салынуына атсалысты.

«Торпедо» - «Юность-Грация» 21:0 (6:0, 10:0, 5:0)

«Айсұлу» хоккейшілері де «Жұлдыз» ұжымын еш қиындықсыз жеңді. Бірінші кезеңде-ақ ойынның шартты иелері қарсыласты алты рет састырды. Әрі қарай есеп айырмашылығы өсе берді. Роксан Риу сегіз нәтижелі соққымен көзге түсті, алты гол Елизавета Дюндинаның қоржынында.

«Айсұлу» - «Жұлдыз» 25:0 (6:0, 12:0, 7:0)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.