Виктория Сазонова Қазақстан ұлттық қыздар құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

13 qazan
1548

Ол сондай-ақ қыздар хоккейін дамыту жөніндегі менеджер міндеттерін орындайтын болады.

Виктория Сазонова – бұрынғы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, Солт-Лейк-Ситидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. 2008 және 2013 жылдар аралығында ол құраманың капитаны болды, кейін ұлттық команданың бас бапкерінің ассистенті болып жұмыс жасады, 2019 жылғы ӘЧ-де испаниялық Хака қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар командасына жетекшілік етті.

- Біз жиын өткізіп, онда қыздар хоккейінің алдағы маусымдағы даму векторын анықтадық, - дейді Виктория Сазонова. – Сегіз бен 13 жасқа дейінгі жасы кіші қыздардан, 18 жасқа дейінгі қыздардың жасөспірім командаларынан бастап, негізгі ұлттық құрамаға дейінгі барлық жас санаттарына қатысты мақсаттарды белгіледік. Әрине, осы спорт түріне қыздарды барынша тартып қана қоймай, оларға арнап, нағыз хоккей мерекесін ұйымдастырғымыз келеді.

8 бен 13 жас аралығындағы қыздар үшін жарыстар «cross ice» форматында өткізіледі. Әзірге бұл жас кезеңінде спортшылар аса көп емес, сондықтан осы санатта жарыс тәжірибесінің жетіспеушілігі сезіледі. Өткен маусымда екі турнир осы форматта Алматы мен Қарағандыда өткізілді. Бұл оң нәтиже берді, себебі бұл жас санатында жеңімпазды анықтау емес, жарысқа қызықтыру, хоккей мәдениетін сіңіру және жас спортшылар мен олардың ата-аналарын хоккеймен айналысуға тарту маңызды.

Келесі жас санаты – 14-тен 18 жасқа дейінгі қыздар, олардың жасөспірім командалары арасында әлем чемпионаттарына қатысу құқығы бар. Биыл Стамбулда өткен чемпионатта біздің команданың орташа жасы 15-16 жас болды, демек Қазақстан ең жас қатысушы команда атанып отыр. Бұл ретте кейбір спортшылар бұған дейін осыншалықты жоғары деңгейде өнер көрсетпеген, жалпы халықаралық турнирлерге қатыспаған.

Алайда жаттықтырушылар штабы қазақстандық хоккей федерациясымен бірлесіп алған тәжірибесіне оң баға беріп, қорытынды жасады. Алдағы маусымда жасөспірім қыздар командасы Қазақстан федерациясының жасөспірімдер арасындағы Кубогінде өнер көрсетіп, қосымша ойын тәжірибесіне ие болады деп күтілуде.

- Өткен әлем чемпионаты командаға бапкер қоятын барлық талаптарға үйренісу үшін көбірек уақыт керектігін көрсетті, - дейді Виктория Сазонова. -Маусым бойы қыздар тактикалық схемалар мен бапкердің барлығына ортақ талаптарын түсініп, меңгеруі тиіс. Бүгінгі таңда әртүрлі қалалардан келетін спортшыларға жылдам сіңісу қиынға соқты. Біз хок кейшілерді тартқан қалалардың саны артып келеді және бұл керемет! Егер олар өз құрамдарымен маусым бойы өнер көрсететін болса, әрине, өзара түсінісіп, төселіп алады.

Ересектер командалары бойынша да бірқатар өзгерістер енгізуді көздеп отырмыз. Елдің биылғы қыздар чемпионаты төрт турдан тұратын болады. Әрбір тур екі айналымнан тұрады, бұл матчтар санын арттыруға мүмкіндік береді. Ішкі чемпионаттан басқа, Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсететін хоккейшілер халықаралық турнирлерде ойнауға мүмкіндік алады. Бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізілуде, оның ішінде әлеуетті спаррингтік серіктестер іздестірілуде.

- Біз алдыңғы маусымда көптеген жағымды және қызықты өзгерістер болады деп күтіп отырмын. Әрине, оңай болмайтыны анық, алайда біздің қыздарымыздан барлығы келетініне сенемін, - деді Виктория Сазонова. – Жанкүйерлерімізге алғыс айтқымыз келеді, спортшыларымызға сіз-біз болып, қолдау көрсетейік. Олар түрлі қиындықтарға тап болады. Жиі эмоционалдық күй қиындықтарға жеңуде күш-жігер беріп, елімізді халықаралық аренада таныстыруда жаңа деңгейге шығуға көмектеседі!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.