Parimatch-Qyzdar Hokei Ligasy Қазақстан қыздар чемпионаты басталатын күн мен өтетін орын белгілі болды.
Qyzdar Hokei Ligasy-ның алғашқы туры Өскеменде өтеді, матчтарды Борис Александров атындағы Спорт сарайы мен Тимирязев көшесіндегі Мұзайдын қабылдайды.
2022/23 жылғы маусымда бес ұжым өнер көрсетеді: қарағандылық «Юность», алматылық «Жұлдыз», өскемендік «Торпедо», елордалық «Томирис» қазіргі ел чемпионы – алматылық «Айсұлу».
Бірінші ойын күні «Айсұлу» «Юность» командасымен, ал «Томирис» «Жұлдызбен» ойнайды. Турнирдің толық кестесімен келесі бетте танысуға болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.