Томирис пен Айсұлудың жеңісі

26 sáýir
1372

Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші туры аяқталуға таяды.

«Томирис» ойыншылары бірінші кезеңде-ақ ойынды өз бақылауына алып, матч аяқталғанша жекпе-жекті өз ырқынан шығармады. Қарсыласты төрт рет Ольга Широкова састырды.

«Томирис» - «Торпедо» 13:0 (3:0, 3:0, 7:0)

1:0 – 04:04 – Широкова

2:0 – 07:02 – Исхакова (Федоренко, Шаньшина)

3:0 – 15:56 – Шаньшина

4:0 – 27:26 – Голотвина (Федоренко, Чагниева)

5:0 – 31:05 – Оразбаева (Молдабай)

6:0 – 35:22 – Широкова (Картанбай)

7:0 – 42:06 – Широкова

8:0 – 45:29 – Шаньшина (Широкова)

9:0 – 48:52 – Молдабай (Оразбаева)

10:0 – 51:53 – Козгулова

11:0 – 52:05 – Оразбаева

12:0 – 57:18 – Широкова (Хаустова)

13:0 – 57:53 – Голотвина ГБ

Қақпашылар: Ушакова – Агеева (Говтва, 15:56-35:22, 48:52-60:00)

Кеше чемпион атанған «Айсұлу» хоккейшілері қарқынын бәсеңдетпей, «Барс» командасындағы қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Бірінші кезеңде-ақ ойынның шартты иелерінің қақпасына төрт шайба дарыды. Әрі қарай «Айсұлудың» үстемдігі арта түсті. Роксан Риу өз есебіне төрт шайба жазды.

«Айсұлу» - «Барс» 9:0 (4:0, 3:0, 2:0)

1:0 – 15:35 – Риу

2:0 – 17:18 – Риу (Маклин, Брод)

3:0 – 17:56 – Бэрндсэн (Брод)

4:0 – 19:57 – Брод (Риу)

5:0 – 28:28 – Бэрндсэн (Риу, Брод)

6:0 – 30:55 – Риу (Иванченко)

7:0 – 34:36 – Сенгер (Свиридова)

8:0 – 40:47 – Риу

9:0 – 43:43 – Свиридова (Конышева, Сенгер)

Қақпашылар: Щёколова – Севрюкова