Айсұлу екінші турды жеңіліссіз аяқтады, Томирис екінші орында

22 sáýir
953

Алматыда Қазақстан қыздар чемпионатының екінші туры аяқталды.

«Барс» хоккейшілері бірінші кезеңнің ортасына қарай есеп ашты. Алайда әрі қарай тек елордалық ұжымның ойыншылары гол салды. «Томирис» ойыншылары жеті рет шайба дарытып, екінші турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінің екінші қатарына бекіді. «Барс» Қазақстан чемпионатында төртінші орында қалды. Ольга Широкова матч барысында дубль жасады.

«Барс» - «Томирис» 1:7 (1:1, 0:3, 0:3)

1:0 – 09:05 – Дюндина (Колотова, Хамимульдинова) ГБ

1:1 – 18:31 – Молдабай

1:2 – 20:09 – Оразбаева

1:3 – 29:07 – Широкова (Шаньшина)

1:4 – 32:48 – Козгулова (Картанбай)

1:5 – 44:42 – Картанбай (Широкова)

1:6 – 45:20 – Хаустова

1:7 – 47:34 – Широкова (Когулова)

Қақпашылар: Севрюкова – Ашина

Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Айсұлу» «Жұлдыз» ұжымындағы қарсыластарын ойсырата жеңді. Александр Мальцевтің ойыншылары 17 жауапсыз шайба салып, чемпионаттың қорытынды турына тамаша көңіл күймен келе жатыр.

«Жұлдыз» - «Айсұлу» 0:17 (0:5, 0:7, 0:5)

0:1 – 03:30 – Свиридова (Сергер, Бэрндсэн)

0:2 – 05:35 – Брод (Олжабаева, Бэрндсэн)

0:3 – 07:28 – Куценко (Сенгер, Маклин)

0:4 – 15:29 – Ашимова (Сенгер, Маклин)

0:5 – 19:40 – Брод

0:6 – 22:09 – Маклин (Бэрндсэн)

0:7 – 22:30 – Свиридова (Маклин)

0:8 – 29:12 – Куценко (Ашимова)

0:9 – 30:21 – Брод (Олжабаева, Бэрндсэн)

0:10 – 32:41 – Иванченко (Сенгер, Куценко)

0:11 – 35:22 – Сенгер

0:12 – 47:18 – Свиридова (Иванченко)

0:13 – 47:18 – Куценко (Сенгер)

0:14 – 50:30 – Ашимова (Брод, Бэрндсэн)

0:15 – 52:23 – Брод (Олжабаева, Куценко)

0:16 – 54:40 – Куценко (Олжабаева, Брод)

0:17 – 58:02 – Свиридова (Брод, Бэрндсэн)

Қақпашылар: Сухотина – Щёколова (Искакова, 40:00-60:00)