Qyzdar Ligasy-ның екінші және үшінші турларының өтетін күндері мен орны белгілі болды.
18 және 27 сәуір аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстан қыздар чемпионатының екінші және үшінші турлары аясындағы ойындар өтеді. Медаль үшін елордалық «Томирис», өскемендік «Торпедо», Алматы облысынан «Барыс», сонымен қатар оңтүстікастаналық екі ұжым – «Айсұлу» мен «Жұлдыз» таласады.
Бүгінгі таңда чемпионаттың аралық көшбасшысы – «Айсұлу». Алдағы турлардың кестесімен мына жерден танысуға болады.