Әйелдер чемпионатының бастапқты турының қорытынды ойын күнінде «Барстың» хоккейшілері «Жұлдыз» командасындағы қарсыластарын ойсырата жеңді. «Айсұлу» «Томиристі» минималды есеппен жеңіп, бірінші турдың жеңімпазы атанды.
«Барс» «Жұлдызбен» кездесудің 21-ші секундында екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Әрі қарай ойын қонақтарының басымдылығы арта түсті. Александра Ашихина қарсыласты бес рет састырды, ал салынған төрт шайба Меруерт Искакованың қоржынында.
«Жұлдыз» - «Барс» 0:13 (0:7, 0:3, 0:3)
0:1 – 00:12 – Искакова (Супрун)
0:2 – 00:21 – Шегебаева (Искакова)
0:3 – 05:37 – Тулеубаева (Нурбаева)
0:4 – 08:12 – Ашихина (Шегебаева)
0:5 – 14:12 – Нурбаева (Супрун)
0:6 – 16:00 – Искакова
0:7 – 16:31 – Ашихина
0:8 – 20:14 – Искакова (Шегебаева)
0:9 – 23:34 – Ашихина (Шегебаева)
0:10 – 25:54 – Ашихина (Тулеубаева)
0:11 – 45:41 – Ашихина
0:12 – 46:21 – Кузнецова (Тулеубаева, Супрун)
0:13 – 49:40 – Искакова (Супрун, Ашихина)
Қақпашылар: Сухотина – Севрюкова (Кузнецова, 40:00-60:00)
Тұтас турдың маңызды жекпе-жегінде «Айсұлу» «Томирис» ұжымындағы қарсыластарын жеңіп кетті. Алматылық команда үшінші кезеңнің басында Лариса Свиридова салған дөп соққының арқасында жеңіске жетті.
«Айсұлу» - «Томирис» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)
1:0 – 40:51 – Свиридова (Ашимова, Турсынова)
Қақпашылар: Щёколова – Ашина
Осылайша, бірінші турдың жеңімпазы төрт кездесуде де жеңген «Айсұлу» командасы болды. Әрі қарай үздіктер үштігін «Томирис» пен «Торпедо» жалғады.