Алматыда хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күні аяқталды.
«Айсұлу» мен «Барстың» жекпе-жегінде тартыс болмады. Қазіргі чемпиондар кезекті ірі жеңіске жетіп, бірінші турдың алғашқы ойын күніне қатарынан үш ойындағы жеңіс легімен келе жатыр. Роксан Риу мен Лариса Свиридова қарсыласты 4 реттен састырды.
«Айсұлу» - «Барс» 19:0 (7:0, 8:0, 4:0)
1:0 – 05:43 – Алдабергенова (Турсынова)
2:0 – 08:15 – Маклин (Риу)
3:0 – 11:14 – Риу
4:0 – 11:50 – Свиридова (Королёва)
5:0 – 14:54 – Свиридова (Турсынова, Куценко)
6:0 – 18:58 – Риу
7:0 – 19:23 – Риу (Куценко, Бэрндсэн)
8:0 – 22:30 – Королёва
9:0 – 28:54 – Королёва (Свиридова)
10:0 – 32:17 – Турсынова (Алдабергенова, Ашимова) ГБ
11:0 – 32:59 – Алдабергенова (Турсынова, Олжабаева) ГБ
12:0 – 34:24 – Свиридова (Иванченко) ГБ
13:0 – 35:51 – Турсынова (Пяткова)
14:0 – 36:10 – Свиридова
15:0 – 36:59 – Маклин
16:0 – 43:02 – Маклин (Риу, Сенгер)
17:0 – 43:22 – Бэрндсэн (Маклин)
18:0 – 47:44 – Риу ГМ
19:0 – 54:02 – Ашимова
Қақпашылар: Щёколова – Севрюкова
«Томирис» командасы «Торпедоның» арынын басты. Ольга Широкова мен Бұлбұл Қартанбаева екі реттен шайба дарытты. Елордалық ұжым да турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
«Торпедо» - «Томирис» 2:5 (1:3, 1:1, 0:1)
1:0 – 06:08 – Мокина (Фельзинк)
1:1 – 08:29 – Широкова
1:2 – 10:04 – Картанбаева (Хаустова)
1:3 – 15:35 – Широкова ГБ
2:3 – 30:55 – Фельзинк (Саяхаткызы М.) ГБ
2:4 – 31:11 – Голотвина
2:5 – 45:34 – Картанбаева (Хаустова)
Қақпашылар: Дмитриева – Ашина
Фото – Евгений Галенковский