Хоккейден Қазақстан әйелдер чемпионаты 26 қазан Алматыда басталады

21 qazan
1251

Хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры қашан және қайда өтетіні анықталды.

Биыл QyzdarLigasy-ның жүлделері үшін бес ұжым тартысады: «Айсұлу», «Жұлдыз» (екеуі де – Алматы), «Томирис» (Нұр-Сұлтан), «Торпедо» (Өскемен) және «Барс» (Алматы облысы).

Чемпионаттың алғашқы турын оңтүстік астана қабылдайды. Матчтар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының жаттығу айдынында өтетін болады. Кездесулер кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде таныса аласыздар.