​Қазақстан құрамасы буллиттер бойынша Испаниядан жеңілді

9 qazan
882

Испаниямен матчта ұпай жоғалттық.

Олимпиадалық біліктіліктің финалына жолдама беретін матчта Қазақстан әйелдер құрамасы буллиттер бойынша жеңіліске ұшырады.

Екінші кезеңде біздің хоккейшілер есеп ашты, алайда қарсыластар көп ұзамай есеп теңестірді. Әрі қарай Испания ойыншылары көпшілік құраммен гол салды. Ал үшінші кезеңдегі тартысты ойында Эрин Маклин есепті 2:2 етті. Матчтың тағдыры буллиттер сериясында шешіліп, қарсыластардың асығы алшысынан түсті.
Қазақстан - Испания. 2:3 Б (0:0, 1:2. 1:0)
1:0 - 26:35 - Риу (Конышева)
1:1 - 26:49 - Муньес (Фернандез, Ромаратеги)
1:2 - 37:14 - Альварес (Муньес) ГБ
2:2 - 51:27 - Маклин (Саяхаткызы)
2:3 - Скилипоти ПБ
Қақпашылар: Щеколова - Гонсало
Келесі матчта Александр Мальцевтің ойыншылары тек жеңіс керек. Біліктіліктің финалына шығу үшін Қазақстан құрамасы Италиямен тартысқа түседі.