​Қазақстан құрамасы олимпиадалық біліктілік турнирін жеңістен бастады

7 qazan
1386

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадалық біліктіліктің екінші раундын Қытайлық Тайпей командасына қарсы матчпен бастады.

Біздің хоккейшілеріміз матчтың 12-ші минутында-ақ есеп ашты, Татьяна Королева гол салды, ал бес минуттан кейін Бреанна Бэрндсэн есепті еселеді. Екінші кезеңде біздің хоккейшілер төрт шайба салса, қарсылас оған бір ғана голмен жауап берді. Кездесуге Роксан Риу нүкте қойып, есепті Қазақстанның пайдасына 7:1 етті. Нәтижесінде Брианна Бэрндсэн мен Кендра Брод дубльмен көзге түсіп, тағы бір гол Надежда Филимонованың қоржынында.

Қазақстан – Қытайлық Тайпей (2:0, 4:1, 1:0)

1:0 - 11:40 – Королева (Свиридова)

2:0 - 16:39 – Бэрндсэн

3:0 - 21:02 - Брод

3:1 - 30:40 – Пан (Йе)

4:1 - 33:36 – Филимонова (Свиридова, Королева)

5:1 - 38:15 – Брод (Сенгер)

6:1 - 39:27 - Бэрндсэн (Маклин, Риу)

7:1 - 47:29 – Риу 

Қақпашылар: Дмитриева – Цу Тинг Су

Келесі матчты Александр Мальцевтің ойыншылары 9 қазан Испания командасына қарсы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де өткізді. Қазақстан құрамасының барлық матчтарын «Insport» телеарнасы көрсетеді.