«Грация» маусымның қорытынды үйдегі сериясын «Томириспен» кездесуден бастады.
Кездесу астаналық ұжымның басымдығымен өтті. Олар екінші кезеңде қарқынын үдетіп, матчты сенімді жеңіспен аяқтады. Қонақтар сапынан Нина Баранова дубль авторы атанды, ал Дария Молдабай мен Василина Субботина (екеуі де 1+2) 3 ұпайдан еншіледі. Қарағандылықтар құрамында абырой шайбасының авторы Виктория Оберман болды.
«Грация» - «Томирис» 1:8 (0:2, 1:4, 0:2)
0:1 - 14:40 - Сафина (Баранова) ГБ
0:2 - 17:09 - Молдабай (Буторина, Шегай) ГБ
0:3 - 23:59 - Баранова (Авзалова, Субботина)
1:3 - 26:48 - Оберман (Пуртова)
1:4 - 31:16 - Баранова (Сафина, Прозорова) ГБ
1:5 - 31:45 - Оразбаева (Буторина, Шегай)
1:6 - 31:52 - Авзалова
1:7 - 43:22 - Субботина (Молдабай)
1:8 - 51:08 - Прозорова (Субботина, Молдабай)
Қақпашылар: Ушакова - Щёколова
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Aisulu
Tomiris
Torpedo
Aisulu Tandauly
Gratsiia