Айсұлу буллиттер сериясында Томиристі жеңді. 24 сәуірдегі матчтарға шолу

24 sáýir
1318

Өскеменде Qyzdar Ligasy-ның екінші туры жалғасуда. «Торпедолық» турнир иелері «Жұлдыз» ұжымындағы қарсыластарын оп-оңай жеңіп кетті. «Айсұлу» мен «Томиристің» жекпе-жегінде буллиттер сериясында жеңісті оңтүстік астаналық хоккейші қыздар иеленді.

«Торпедо» – «Жұлдыз» 10:0 (5:0, 1:0, 4:0)

1:0 – 01:42 – Тохтарова (Исманова)

2:0 – 05:47 – Фельзинк (Саяхаткызы М., Федоренко)

3:0 – 14:20 – Феоктистова (Саяхаткызы М.) ГМ

4:0 – 16:02 – Пяткова (Саяхаткызы М.)

5:0 – 19:45 – Феоктистова (Саяхаткызы Д.)

6:0 – 28:26 – Феоктистова

7:0 – 41:55 – Саяхаткызы М. (Максимова, Фельзинк) ГБ

8:0 – 46:27 – Максимова (Саяхаткызы М., Фельзинк)

9:0 – 52:45 – Фельзинк (Яковлева)

10:0 – 55:15 – Пяткова (Саяхаткызы М., Максимова) ГБ

Қақпашылар: Говтва (Петрова, 35:15-60:00) – Сухотина

Бүгінгі күннің басты жекпе-жегінде ойын буллиттер сериясына жетті. Бұл тұста «Айсұлу» ұжымының өкілдері дөп түсіп, «Томиристен» артта келе жатқан олар турнир кестесіндегі айырмашылықты азайтты.

«Айсұлу» – «Томирис» 2:1 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0 )

0:1 – 25:39 – Широкова (Феклистова)

1:1 – 38:44 – Брод

2:1 – 65:00 – Ашимова ПБ

Қақпашылар: Щёколова – Сафонова (Ушакова, 27:21-27:32)