Айсұлу Торпедоны тырп еткізбеді

21 aqpan
149

Қыздар чемпионатының көшбасшысы «Айсұлу» өз алаңындағы жеңісті сериясын жалғастыруда.

«Торпедо» елдің қазіргі чемпиондарына лайықты қарсылық көрсете алмады. Кездесудегі шешуші кезең екіншісі болды – осы уақытта алаң иелері қарсылас қақпасына төрт шайба соқты. Пернеш Әшімова дубль авторы атанса, Катэрина Вагнер өз еншісіне үш ұпай (2+1) жазды.

Өскемендік ұжым сапында абырой шайбасын Анастасия Мелехина соқты.

«Айсұлу» - «Торпедо» 7:1 (2:1, 4:0, 1:0)

1:0 - 09:03 - Әшімова (Алдабергенова) ГМ

1:1 - 15:33 - Мелехина (Феоктистова, Кожина)

2:1 - 16:22 - Биркби (Риу)

3:1 - 21:18 - Әшімова (Хамимульдинова)

4:1 - 22:05 - Вагнер (Фэирман)

5:1 - 35:39 - Вагнер (Иванченко)

6:1 - 36:08 - Фэирман (Вагнер)

7:1 - 54:52 - Свиридова (Биркби)

Қақпашылар: Сафонова (Искакова, 29:35-60:00) - Говтва (Агеева, 36:08-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.