Айсұлу Жұлдызды екі рет ойсырата жеңіп, кестеде бірінші орынға оралды

12 aqpan
412

Оңтүстік астананың екі ұжымы арасындағы текетіресте тартысты бәсеке байқалмады.

Алғашқы ойында қазіргі чемпиондар қарсыластарының қақпасына 33 шайба соқты. Елизавета Дюндина 7 голмен көзге түссе, Кэтрин Биркби мен Брианна Троттэр покер авторы атанды. Катэрина Вагнер мен Майя Нойджент қарсылас қақпасын үш реттен дәл көздеді. «Жұлдыз» сапынан намыс шайбасын Карина Амирова соқты.

Екінші кездесу номиналды қонақтардың 30:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Кэтрин Биркби мен Майя Нойджент бес реттен мергендік танытса, Елизавета Дюндина покер жасады. Осы жеңістен кейін Александр Мальцевтің шәкірттері Qyzdar Ligasy турнирлік кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.