Айсұлу Торпедо мен Томиристен басым түсті. 23 сәуірдегі матчтарға шолу

23 sáýir
1175

Өскеменде Qyzdar Ligasy-ның екінші туры басталды. «Торпедо» мен «Айсұлудың» жекпе-жегінде оңтүстік астаналық ұжым жеңіске жетті. «Жұлдыз» командасына матчқа келмегені үшін техникалық жеңіліс есептелді.

«Торпедо» мен «Айсұлудың» арасындағы кездесу ел чемпионының толық бақылауында болды. «Айсұлудың» хоккейшілері қорғаныста сенімді ойнап, ара-арасында өз мүмкіндіктерін іске асырып отырды. Ал турдың иелері қарсыластың қақпасын ала алмады.

«Торпедо» – «Айсұлу» 0:4 (0:2, 0:2, 0:0)

0:1 – 01:37 – Риу (Брод)

0:2 – 17:06 – Риу

0:3 – 35:04 – Риу (Олжабаева) ГБ

0:4 – 35:47 – Маклин (Королёва)

Қақпашылар: Говтва – Щёколова

«Жұлдыз» ұжымы «Томириспен» ойынға уақытылы жете алмады. Чемпионат күнтізбесі аса тығыз болғандықтан аталмыш матчты басқа уақытқа ауыстыру мүмкін болмады. Сондықтан алматылық қыздарға 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептелді.

«Томирис» – «Жұлдыз» 5:0 ТЖ