Өскеменде хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының жаңа маусымының алғашқы матчы өтті.
Шешуші кезеңнің басында өскемендік қыздар Камилла Сафинаның голына София Зубкова мен Анастасия Мелехинаның дәл соққыларымен жауап беріп, аз ғана басымдықпен алға шықты. Алайда кездесудің соңғы бөлігі астаналық команда еншісінде болды: олар тағы үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Өз қоржындарын сұрмергендер Василина Субботина, Надежда Филимонова және Азалия Авзалова толықтырды. «Томирис» қақпашысы Арина Щёколова қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды.
«Торпедо» - «Томирис» 2:4 (1:1, 1:0, 0:3)
0:1 - 01:38 - Сафина (Субботина)
1:1 - 18:12 - Зубкова (Кожина, Саяхатқызы М.)
2:1 - 33:34 - Мелехина (Саяхатқызы М., Зубкова)
2:2 - 43:41 - Субботина (Молдабай, Сафина)
2:3 - 46:19 - Филимонова (Буторина, Молдабай)
2:4 - 46:38 - Авзалова (Баранова, Субботина)
Қақпашылар: Говтва - Щёколова
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.