Қазақстан қыздар чемпионатының қорытындысы

24 sáýir
109

А тобындағы хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының статистикалық қорытындысын зерттейік.

Чемпионаттың алтын медалін иеленген «Айсұлу» 13 матчта жеңіске жетіп, 27 ұпай жинады. Бұл ретте алматылық ұжым А тобының ең нәтижелі ұжымы атанды (83 шайба салынды). Сондай-ақ Александр Мальцевтің ойыншылары қорғаныста ең сенімді ойынды көрсетті (пассивте 21 гол).

«Томирис» маусымды 11 жеңіспен және 23 балмен аяқтады. Елордалық қыздар қарсыластың қақпашыларын 62 рет күйіндіріп, 37 шайба өткізді.

«Торпедо» активінде 1 балл бар, голдар айырмашылығы 15-102.

А тобының үздік бомбардирі – «айсұлулық» Кэйсиди Мэйплторп. Ол +33 пайдалылық көрсеткішімен 40 (29+11) ұпай жинады.

Қорғаушылар арасынан үздік нәтижелілік көрсеткіштері чемпиондардың тағы бір өкілі – Мэрайя Хиндсте. Оның есебінде 3 гол және 11 пас бар.

Лиганың қақпашылар цехінің көшбасшысы – «айсұлулық» Александра Сафонова. Ол әрбір ойында орта есеппен 1,1 гол өткізіп, соққылардың 95,3%-ына тойтарыс берді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.