Айсұлу Таңдаулы – Б тобының жеңімпазы

13 sáýir
99

Қарағандыда Б тобындағы Қазақстан қыздар чемпионатының төртінші туры аяқталды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Б тобында «Айсұлу Таңдаулы» бірінші орынды иеленді. Оңтүстік астаналық команда 19 рет жеңіске жетіп, 38 ұпай жинады және өз үштігінде ең нәтижелі ұжым атанды (156 шайба тасталды).

15 жеңіс пен 30 ұпай топта қорытынды екінші орынды иеленген қарағандылық «Грацияның» қоржынында. Тағы бір алматылық «Жұлдыз» ұжымы үшінші қатарға орналасты (8 жеңіс және 16 балл).

Qyzdar Ligasy-ның Б тобындағы үздік қақпашысы – Арина Павловская, турнирдің үздік қорғаушысы және шабуылшысы атағын Вероника Халикова мен София Раковская иеленді. Үшеуі де – «Айсұлу Таңдаулы» өкілі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.