Өскемен Qyzdar Ligasy-ның екінші және үшінші турларын қабылдайды

13 sáýir
1023

Хоккейден Қазқстан әйелдер чемпионаты аясындағы кезекті матчтар 23 және 28 сәуір аралығында өтеді. Бұл күндері бірден екі тур өтіп, олардың қорытындысы бойынша ел чемпионы, сондай-ақ күміс және қола жүлденің иегерлері анықталады.

Бірқатар себептермен әдетте Qyzdar Ligasy өтіп жүрген Алматы алдағы турларды қабылдай алмайды. Осыған байланысты матчтарды Өскеменге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, Алматы облысының ұжымдары «Жұлдыз» бен «Барыстың» сыртқа аттануға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті қалған турларға үш команда: нұр-сұлтандық «Томирис», алматылық «Айсұлу» және өскемендік «Торпедо» қатысады.

Қазіргі таңда чемпионаттың аралық көшбасшысы «Томирис» командасы болып отыр.

Екінші және үшінші турдағы матчтардың кестесі

23 сәуір (жұма) «Торпедо» - «Айсұлу» 10:15

24 сәуір (сенбі) «Айсұлу» - «Томирис»10:15

25 сәуір (жексенбі) «Торпедо» - «Томирис» 10:15

26 сәуір (дүйсенбі) «Айсұлу» - «Томирис» 10:15

27 сәуір (сейсенбі) «Торпедо» - «Томирис»10:15

28 сәуір (сәрсенбі) «Торпедо» - «Айсұлу»10:15