Новикова мен Нүсіпованың хет-триктері Айсұлу Таңдаулыға Жұлдызды жеңуге көмектесті

10 aqpan
164

Қарағандыда В тобындағы Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші туры басталды.

«Айсұлу Таңдаулы» тобының көшбасшысы «Жұлдыз» командасындағы қарсыластарын тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ ойынның шартты иелерінің қақпасына төрт шайба аттанды. Әрі қарай есеп алшақтығы арта түсті. Анфиса Новикова (3+2) мен Мадианна Нүсіпова (3+0) хет-трик жасады. Өз командасының бес нәтижелі шабуылына Василиса Шуклина (2+3) қатысты. Арина Павловскаяның есебінде 16 сейв бар.

«Жұлдыз» - «Айсұлу Таңдаулы» 0:11 (0:4, 0:2, 0:5)

1:0 - 05:28 - Новикова (Майорова)

2:0 - 08:58 - Новикова (Емцева)

3:0 - 11:41 - Раковская (Шуклина)

4:0 - 14:33 - Нүсіпова (Шуклина, Раковская)

5:0 - 32:18 - Шуклина (Воробьева)

6:0 - 35:47 - Майорова ГБ

7:0 - 44:40 - Маратханкызы (Новикова) ГМ

8:0 - 45:50 - Нүсіпова (Шуклина)

9:0 - 47:09 - Нүсіпова (Новикова, Жумаш)

10:0 - 48:53 - Шуклина (Раковская, Щекотько)

11:0 - 50:04 - Новикова

Қақпашылар: Мамешева – Павловская


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.