Хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының үшінші турының өту күндері мен орындары белгілі болды.
В тобының матчтары 10 және 16 ақпан аралығында Қарағандыда өтеді. Айтып өтетін жайт, «Бұлбұл» командасы чемпионаттағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтап, үшінші және төртінші турларға қатыспайды. Елордалық ұжымға күнтізбе бойынша барлық кездесулерде техникалық жеңіліс есептеледі. Бүгінгі таңда В тобында 12 матчтың 11-інде жеңіске жеткен алматылық «Айсұлу Таңдаулы» ұжымы бірінші орында тұр.
А тобындағы үшінші турдың кездесулері 18 және 22 ақпан аралығында Алматыда өтеді. Мұнда қазіргі таңда алматылық «Айсұлу» көш бастап тұр, оның есебінде 8 ойыннан 6 жеңіс бар. Үшінші турдың қорытынды «Томирис» - «Торпедо» матчы төртінші тур басталардан бұрын өтеді.
Матчтар кестесімен сайтымыздың тиісті бөлімінде танысуға болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.