Алматыда хоккейден Қазақстан қыздар чемпионатының екінші туры аяқталды.
Кезекті матчтардың қорытындысы бойынша А тобының турнир кестесінде қос билік орнады. «Айсұлу» басты қарсылас – «Томиристі» екі рет жеңді. Енді қос ұжымда да 12 балдан бар. Қосымша көрсеткіштер бойынша көшті алматылық қыздар бастап тұр. Үштікті әзірге ұпай жинамаған «Торпедо» тұйықтайды.
Командалардың осы үштігінің ішінен үздік бомбардир – «айсұлулық» Кэйсиди Мэйплторп. 8 ойында ол 20 (13+7) балл жинады.
Б тобында «Айсұлу Таңдаулы» алда келе жатыр. Ұжым 12 матчтың біреуінде ғана жеңіліп, қазір есебінде 22 балы бар. Жүлде үшін «Грация» (14 ұпай) мен «Жұлдыз» (12 ұпай) тартысады.
Бұл төрттікте ең нәтижелі ойыншы – «Айсұлу Таңдаулы» командасындағы София Раковская. Оның есебінде 12 ойынның нәтижесі бойынша 39 (27+12) ұпай бар.
Фото – Евгений Галенковский
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Qyzdar Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.